BasNewsЖаңалықтар

Әрбір алтыншы Қазақстан азаматы басқа ұлт өкілімен некелеседі – статистика

30 шілдеде Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен халықаралық достық күні әлемде атап өтіледі. Қазақстандықтарға халықтар достығы деген әлдеқайда жақын. Мысалы, ел азаматтары жар таңдауда басқа ұлт пен ұлыстың өкілін жиі таңдап жатады, деп хабарлайды Basnews.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы 22 390 Қазақстан азаматы ұлтаралық некеге тұрған. Биыл 140 256 осындай неке түрі тіркелді.

Демек, әрбір алтыншы қазақстандық басқа ұлттың адамын өмірлік серігі етіп таңдайды.

Көбінесе ұлтаралық некедегілер – орыстар (7319 неке), одан кейін қазақтар (4728 неке), украиндар (1985 неке), немістер (1653 неке), татарлар (1303 Неке) және өзбектер (895 неке).

Статистика көрсетіп отырғандай, ұлтаралық некені ауыл халқына қарағанда қалада тұратын қазақстандықтар жиі құрады.

Шетелдіктермен жасалған неке шарты қанша үлесті алады, бұл жағынан статистика үнсіз, бірақ өмір көрсетіп отырғандай, олардың саны да күн өткен сайын артып келеді.

Айта кетсек, кеңес заманында Қазақстан тұрғындары этникааралық некеге жиі отыратын. Мәселен, 1970 жылы мұндай некелер 20,6%, 1979 жылы – 21,5%, 1989 жылы 23,9%-ды құрады.

Back to top button