BasNewsЖаңалықтар

Алматыда екі даңғыл қиылысында уақытша көлік қозғалысы тоқтатылады

Алматыда 30 мен 31 шілде аралығында Райымбек пен Назарбаев даңғылы қиылысында уақытша көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды Basnews.kz

Апаттық қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Райымбек және Назарбаев даңғылы қиылысының батыс бөлігінде 30 шілде сағ. 22:00 мен 31 шілде сағ. 7:00 аралығында, шығыс бөлігінде 31 шілде сағ. 22:00 мен 1 тамыз сағ. 7:00 аралығында көлік қозғалысы тоқтатылады, делінген қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының хабарламасында.

Қала тұрғындарынан жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап алу сұралады.

Жол

Back to top button