BasNewsЖаңалықтар

Щучье қаласындағы әскери колледжде кадетке оқ тиіп, жарақат алды

2022 жылы 31 шілдеде ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери колледжінде тәуліктік нарядтағы кадет жарақат алды. Әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Basnews.kz

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді.

ҚР Қылмыстық іс жөніндегі кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.

Back to top button