BasNewsЖаңалықтар

NASA Қытайды зымыран-тасығыштарының ұшу мәліметтерін ұсынбады деп айыптады

NASA басшысы Билл Нельсон ҚХР «Чанчжэн-5B» зымыран-тасығышының ұшу траекторияларына қатысты мәліметтерді ұсынбағанын, ал бұл Жерге ғарыш нысандары қалдықтарының құлау қаупін болжау үшін қажет екенін айтты, деп хабарлайды Basnews.kz

Барлық ғарыштық державалар белгіленген тәртіпті ұстанып, осындай ақпаратпен өзара алмасып отыруы керек. Бұл әсіресе «Чанчжэн-5B» сияқты ауыр зымырандарға қатысты, өйткені бұл адамдардың өмірі мен мүлкіне қауіп төндіреді, деп жазады «Известия» Нельсонның сөзін келтіріп.

Қытайдың басқарылатын ұшу бағдарламасы басқармасы Тынық мұхитына бірінші кезеңдегі екі сатылы зымыранның түскенін хабарлады. Салмағы шамамен 22 тонна болатын оның бір бөлігі атмосферада жанып кетті.

Back to top button