АймақтарТүркістан облысы

Түркістанда басқарма басшысы тағайындалды

Ауысу тәртібімен, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Оспанов Тұрғанбек Үсенбекұлы Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды. 1961 жылғы 2 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында дүниеге келген.

1982 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы – финанс және кредит. 05.09.1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданындағы №1 ЖМК «Қызылқұмкеңшарқұрылыс» трестінде құрылысшы болып бастаған. 1982 жылы Мақтаарал аудандық қаржы бөлімінде экономист, 1984 жылы Шардара ауданындағы ПМК-22 «Чардарастрой» басқармасының еңбек және жалақы бөлімінің бас инженері, 1988 жылы Сүткент совхозының комсомол комитетінің хатшысы, 1992 жылы Шардара аудандық мемлекеттік салық инспекциясының бас салық инспекторы, 1993-1998 жылдары Қаржы бақылау комитетінің бас бақылаушы-тексерушісі, 1998-2003 жылдары Шардара аудандық мәслихатының Тексеру комиссиясының төрағасы, 2006-2011 жылдар аралығында Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, 2003-2006 жылдары және 2011-2012 жылдары Шардара ауданы әкімінің орынбасары болып елге еңбек сіңірді. 2012-2013 жылдары Шардара қаласының әкімі, 2013-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды. 25.07.2018 жылдан бастап қазірге дейін Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

Back to top button