АймақтарТүркістан облысы

Баспаналы болған бақытты жанұлардың бірі – көпбалалы Кәрібаевтар отбасы – видео

2021 жылы Түркістан облысында барлық қаржыландыру көздерінен 823,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл шамамен 100-ден астам футбол алаңының көлеміне тең. Жоспар 790 мың шаршы метр болатын. Артығымен орындалды.

Баспаналы болған бақытты жанұлардың бірі – көпбалалы Кәрібаевтар отбасы. 2016 жылы кезекке тұрған олар, небәрі бес жылдан кейін 3 бөлмелі пәтерге көшті.

Биыл 10 мыңдай отбасы баспаналы болады. 836,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Дәлірек айтсақ, барлық қаржыландыру көздерінен 220 үй бой көтеруде.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының неліктен толық орындалмағанын түсіндірді.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша 3 көрсеткішке қол жеткізілген жоқ. Бірінші, 163,1 мың тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші орындалмады, бұл бір баспана үшін базалық ауданның айырмашылығына байланысты. Мәселен, статистика деректері бойынша халық жоспарлаған 6,8 млн шаршы метрден 7 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Яғни, индикативті есептеу кезінде жеке құрылыс салынатын бір тұрғын үйдің ауданы жоспарланған 140 шаршы метрден іс жүзінде 173 шаршы метр шыққан. Ол жоспарланған 48,7 мың тұрғын үйден 40,7 мың тұрғын үйге дейін төмендуіне себеп болды. Көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлер көлемінде де осындай жағдай, бір пәтер 90 шаршы метрді құрауы тиіс 114,4 мың баспананы пайдалануға беру жоспарланған, іс жүзінде орташа ауданы 110 шаршы метр 108,7 мың тұрғын үй берілді», – деді Қ. Өскенбаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Екіншіден, ҚР аумағы арқылы транзит көлемінің өсуі бойынша жоспардағы 25,3 млн тонна орындалмады.

«Оның себебі – Қытай Халық Республикасы тарапынан қатаң санитарлық шектеулер енгізілді, бұл шекара маңындағы теміржол өткелдерінің өткізу қабілетін 2 есеге азайтты. Транзиттік жүктердің негізгі үлесі Қытайға тиесілі екенін ескерсек, бұл транзиттік тасымалдардың жалпы көлемінің шамамен 70%-ы немесе 15,4 млн тоннадан астамын құрағандықтан жоспарға қол жеткізілмеді. Үшіншіден, бұл жағдайлар Транскаспий бағытындағы контейнер ағынын ұлғайту көрсеткішіне де теріс әсер еткен. Жоспар бойынша 45 мың жиырма футтық балама болған, нақты орындалуы шамамен 41 мың болды», – деп түсіндірді министр.

Back to top button