BasNewsЖаңалықтар

Алматыда көшелердің бірі уақытша жабылады

Алматы қалалық мобилділік басқармасы Розыбакиев көшесінде уақытша көлік жүрісінің шектелуі туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Basnews.kz

Ақпарат қала әкімдігі баспасөз қызметінің Telegram-арнасында жарияланды.

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 4 тамыз сағ. 23:00 мен 5 тамыз сағ. 6:00 аралығында Розыбакиев көшесінің Левитан көшесінен Байқадамов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша толық шектелетін болады. 5 тамыз сағ. 23:00 мен 6 тамыз сағ. 06:00 аралығында аталған көшенің Байқадамов көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі бөлігі уақытша жабылатын болады, – деп хабарлайды Алматы қалалық мобилділік басқармасы

Ведомство бұл жұмыстар «орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланғанын» мәлімдеді.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз, – делінген Алматы қалалық мобилділік басқармасының хабарламасында.

Back to top button