BasNewsЖаңалықтар

Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен өз еркімен кетті. Ақпаратты облыстық әкімдіктегілер растады, деп хабарлайды Basnews.kz

Бекенов Қайрат Әскербекұлы өз еркімен жұмыстан кетті. Соңғы жұмыс күні 2022 жылғы 3 тамыз болды, – деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ол әр жылдары Алматы қаласы бойынша салық инспекторы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыздарды тарту бөлімінің меңгерушісі, Президент әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.

Қайрат Бекенов сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Ол Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2020 жылғы желтоқсанда тағайындалды.

Back to top button