BasNewsЖаңалықтар

Рыпакова жеңіл атлетикадан U20 Әлем чемпионатының финалына шыға алмады

Кали қаласында (Колумбия) өтіп жатқан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатында ұзындыққа секіруден әйелдер арасында іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Basnews.kz

Жеңіл атлетикадан U20 Әлем чемпионатында ұзындыққа секіруден қазақстандық командадан Анастасия Рыпакова бақ сынады. Спортшы үздік нәтижеде 6,04 метрге секірді. Алайда мұндай нәтиже финалға жолдама алуға жеткіліксіз болды.

Рыпакова жарысты 18-орынмен аяқтады. Енді 12 финалист өзара жарысып, медальға ұмтылады.

Back to top button