BasNewsЖаңалықтар

2023 жылдан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкалары өседі

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес темекі өнімдеріне акциз ставкалары 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен көтеріледі. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп мәлімдейді Basnews.kz

Атап айтқанда, фильтрі бар сигареттер:

    • 2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана;
    • 2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана;
    • 2025 жылы – 15 900 теңге /1000 дана.

Сондай-ақ сигарилларға акциз ставкалары сигареттер ставкаларына теңестірілген.

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігін килограмнан данаға өзгерте отырып, сигареттерге акциз ставкасының мөлшерінен 70 пайыз деңгейіндегі акциз ставкасы айқындалды:

    • 2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана;
    • 2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана;
    • 2025 жылы – 11 130 теңге /1000 дана.

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка артты:

    • 2023 жылы – 53 теңге/сұйықтық миллилитріне;
    • 2024 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне;
    • 2025 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне құрайды.
Back to top button