BasNewsЖаңалықтар

Дәрігер жатар алдында тойып тамақ ішу қандай жағдайға әкеліп соғатынын айтты

Жатар алдында тамақ ішу ұйқыны ашып жібереді, өйткені асқазан тамақты сіңіре бастағанда адамның ішкі температурасы көтеріледі, деп хабарлайды Basnews.kz

Ұйқытанушы дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты София Черкасова тым кеш ауқаттану және артығымен тойып тамақ ішу – бұл денені түнгі уақытта «күндізгі жұмысымен айналысуға» мәжбүр ететінін айтады, деп хабарлайды «Известия».

Ол түннің өзінде мидың да, бүкіл дененің де атқаратын міндеттері көп екенін атап өтті.

Оған қоса, күндізгідей ауқаттанып алсаңыз, тағамды сіңіруге көбірек уақыт бөлген ағза иммунитетті және зақымдалған тіндерді қалпына келтіру, денедегі әртүрлі дисфункцияларды анықтау қызметінен ауытқып, салдарынан ұйқы қашады, – деп хабарлайды София Черкасова

Дәрігердің айтуынша, адам ұйықтап кетуі үшін оның ішкі дене температурасы шамамен 0,2 градусқа дейін төмендеуі керек.

Back to top button