BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: Мүмкіндігі шектеулі азаматтар әлеуметтік қызметтерге портал арқылы тапсырыс бере алады

Қазіргі таңда Шымкент қаласында  37 901 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның ішінде бірінші топтағы мүгедектер – 3 534, екінші топтағы мүгедектер – 14 863 , үшінші топтағы мүгедектер – 12 459, 18 жасқа дейінгі 7 045 мүгедек бала тіркелген.

Жыл басынан мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілді.

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Полатқызының қатысуымен халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту іс-шараларының жүзеге асырылуы туралы өткен баспасөз брифингте мәлім болды.

Нақты айтатын болсақ төмендегі жұмыстар жүргізілді.

– протездік-ортопедиялық құралдарға мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 4 921 құралға өтініш қабылданып, 1 818 құрал қамтылды (36,9%) (2021 жылы – 6307 өтініш қабылданып, 4382 адам қамтылды (69,5%);

– сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдарға 10 566 құралға өтініш қабылданып, 9 215 құралдармен қамтылды (87,2%) (2021 жылы –  16 322 өтініш қабылданып, 14 846 қамтылды (91%);

– мүгедектерге арналған қол арба құралдарына 876 өтініш қабылданып, 339 құрал қамтылды (38,7%) (2021 жылы – 1276 өтініш қабылданып, 1163 адам қамтылды (91,1%);

– жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне 2 449 азамат мұқтаж болса, 2 228 азаматқа қызмет көрсетілді (90,9%) (2021 жылы – 2494 азаматқа);

– 8 438 азаматтан шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға өтініштер қабылданып, 1 368 азамат қамтылды (16,6%) (2021 жылы –5602 азаматтан өтініштер қабылданып, 4778 адамға жолдама берілді (85,3%);

– мүгедектерге арнайы жабдықталған «Инватакси» 18 көлікке      437 азаматтардан өтініш қабылданып, 18 387  өтінімге қызмет көрсетілді (2021 жылы – 1200 өтінім);

– Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған «Әлеуметтік такси» 58 автокөлікке        886 азаматтан өтініш қабылданып, 15 428 өтінімге қызмет көрсетілуде (2021 жылы – 651 өтінім);

– Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге  2022 жылы 100 жолдама берілді.

– Медициналық әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 2022 жылы 29 жолдама берілді.

Әлеуметтік портал мен ЭЦК-мен жұмыс жасау үшін мүгедектігі бар азаматтарға Басқарма ғиматарында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштамасы ұйымдастырылған және Басқарма қызметкерлерімен әрбір адамға жеке-жеке көмек берілуде.

Back to top button