BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: АӘК 40 мыңнан астам адамға тағайындалды

Шымкентте биылғы жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 11 988 отбасыға (59 051 адам) тағайындалып, атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биылға жылдың 2 тоқсан екі айының қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 8359 отбасыға (40 694 адам) тағайындалды.

Атаулы әлеуметтік көмек табысы аз азаматтарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді. Бұл төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі:

– аз қамтамасыз етілген отбасыларға ақшалай төлем;

– жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар, яғни оқытуға, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, шағын несие және грант беруге, тұрақты жұмыс орындарына жолдама беру;

– табысы аз отбасылардың балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік топтама (азық-түлік жиынтығымен және тұрмыстық химия жиынтығымен қамтамасыз ету; оқу орны бойынша тегін тамақтануды, мектеп формасы мен мектеп керек-жарақтарын, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді ұсыну).

2022 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 11 988 отбасыға (59 051 адам) тағайындалып, атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. 2022 жылдың 2 тоқсан екі айының қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 8359 отбасыға (40 694 адам) тағайындалды.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалады. Бүгінгі күні кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде немесе 2021 жылдың 4 тоқсанына орта есеппен 25 731 теңге болып белгіленді. Осылайша, бір адамға (отбасына) келетін АӘК-тің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен әр мүшесіне негізделген белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы балаларына 2022 жылға кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен орта есеппен 45 673 баланы қамтамасыз ету жоспарланған.  Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 18 325 азамат жұмысқа жарамды, оның ішінде өтініш берген кезде 11 755 азамат жүгіну кезінде жұмысы барлар.

244 адам нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан. Атап айтсақ: 136 тұрақты жұмыс орындарына; 65 қоғамдық жұмыстарға; 15 жастар практикасына; 10 әлеуметтік жұмыс орындарына; 18 өз кәсібін ашуға ықпал етілді.

Айта кетсек, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы  5 бағытта жұмыс істейді:  Халықты жұмыспен қамту;Ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қолдау; Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету; Азаматтық құқықтық актілерін тіркеу; Көші-қон мәселесі және оралмандармен жұмыс жасау. Басқармаға қарасты 14 коммуналдық мемлекеттік мекеме қызмет атқарады.

Back to top button