BasNewsЖаңалықтар

Қаланың көшелеріне төселген әрбір асфальт қабатының нығыздығы тарапынан тексеруден өтеді

2019 жылдың басында Үкімет Қаулысымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» құрылған болатын. Аталған орталықпен Шымкент қаласының әкімдігі жолдың сапасын арттыру мақсатында арнайы келісім шарт бекітті.

Келісім шартқа сәйкес, қаланың көшелеріне төселген әрбір асфальт қабатының нығыздығы орталық тарапынан тексеруден өтеді. 2020 жылы 1161 жол құрылыс материалдары іріктеп алынды, оның ішінде нормативтік талаптарға жауап бермегендердің саны 603. 2021 жылы 1285 жол құрылыс материалдары іріктеп алынды, оның ішінде нормативтік талаптарға жауап бермегендердің саны 671.

2022 жылдың басынан бері қаладағы 108 нысанға тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 68 нысанда кемшіліктер ман ақаулар анықталды.  Бұдан бөлек, жол құрылыс материалдарының 368 сынамалары іріктеліп, оның 241 нормативтік талаптарға сәйкес келмеді. Оның ішінде, іріктеп алынған асфальтбетон керн үлгілері саны – 280.

Айта кетейік, аймақтағы зертханаларға қарағанда жаңа кәсіпорынның міндеті одан да кеңейіп, ауқымы артқан. Оған дәлел, арнайы құрылғылармен жабдықталған жылжымалы зертханасы. Орталық мамандары құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жерге барып, қолданыстағы материалдардың сынамасының талапқа сай болуын тексереді. Жалпы, орталықтың міндеті – автомобиль жолдарына сараптама жүргізу арқылы төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау.

Ағымдағы жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 190 нысанда жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарланған. Оның ішінде: 2 нысан жолайрықтың құрылысы (Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би-Арғынбекова) 13 нысанда жаңа жолдардың құрылысы (Қонаев 1,2,3,5,6 кезеңдері, Оңтүстік,Шығыс айналма жолы, Самал-1,2,3 кезеңдері, Өтегенов көшесінің 1,2 кезеңі жол құрылыс жұмыстары). 5 нысанда қайта құру жұмыстары (А-2 2,4,7,8 кезеңдер, Адырбеков көшесі), 3 нысанда күрделі жөндеу (Ақжайық, қайтпас, Тассай «Алемтрансжол» шағын аудандарын және Қошқар-ата өзені арқылы өтетін 2 көпірді күрделі жөндеу).

Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 167 нысанда немесе 308 көшеге жүргізілуде. Ағымдағы жылы ірі нысандар бойынша Қонаев даңғылы 3 кезеңі, Қонаев-Рысқұлов жолайрығының құрылысын және Самал-1,2,3, шағын ауданындағы жол құрылыс жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, құрылыс жолағына түсетін жер учаскелерін мемлекет мұқтаждығына қайтару бойынша мәселелер дер кезінде шешілсе, Шығыс және оңтүстік айналма жолының құрылысын аяқтау жоспарда бар. Қалған нысандар 2023 жылға өтпелі.

Қайта құру жұмыстарынан ағымдағы жылы А-2 II кезеңді аяқтау жоспарланған, 4 нысан 2023 жылға өтпелі. Күрделі жөндеу бойынша 3 нысанды ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған.

2022 жылы орташа жөндеу жұмыстары бойынша, бүгінгі таңда ұзындығы 155 шақырым болатын 80 нысанда жұмыстар аяқталды, қалған 72 нысанды ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін толық көлемде аяқтауды жоспарлануда.

Back to top button