BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан 29490 мемлекеттік қызмет көрсетілді

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының м.у.а. Нұрбол Жүнсібековтің қатысуымен басқарма тарапынан жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша өткен брифингте мәлім болды.

Басқарма тарапынан он жеті мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, 2022 жылдың 6 айында жалпы саны – 29 490 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну – 2557;

Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 13 187;

Эскизді(эскиздік жобасын) келістіру – 454;

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру – 1352;

Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру – 8;

Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру – 407;

Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту – 3847;

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 208;

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 3192;

Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат  беру – 1;

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 2645 (2-кезең +751);

Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау – 138;

Жер учаскесін жеке меншікке тікелей немесе бөліп сату – 731;

Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру – 12.

Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру, ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру қызметтері ұсынылмады.

Сондай-ақ, 2022 жылдың 6 айында 23 комиссия отырысы өтті. Жер комиссиясы отырысына жалпы саны 4063 құжат ұсынылып, оның 2066 келісілді, ал 1983 бастартылды.

Айта кетейік, басқарма құрылымы 47 бірліктен тұрады. Олар: 1 – басқарма басшысы, 3 – басқарма басшысының орынбасары, 8 – бөлім басшысы, 35 – бас маман. 2022 жылдың 6 айында басқармаға жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік ұйымдардан 6564 кіріс хаттар түсіп тіркелген, оның 2658 арыз-шағымдар болса, 3906 мемлекеттік мекемелер хаттары. 9324 шығыс хатымен тиісті жауаптар беріліп, орындалған.

Back to top button