Шымкент

Шымкент: «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағында 1500 жұмыс орны ашылады

Мемлекет басшысы жолдауда 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтуді тапсырды. Осы орайда, Қаратау ауданында жаңадан «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы және «Агроиндустриалық» аймақ ашу жұмыстары басталды.

  • «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы- 21 жоба іске асырылып, 1500 жұмыс орны ашылады.
  • «Агроиндустриалық» аймағы – 14 жоба іске асырылып, 369 жұмыс орны ашылады. Бүгінде, аталған аумақтарда инженерлік инфрақұрылым жүйелері жүргізілуде.

Қазіргі таңда аудан аумағында орналасқан ірі және орта кәсіпорындар саны – 12.  Ауданда «Тассай» индустриалды аймағы орналасқан. Аталған аймақта 37 жобаны іске асыру жоспарланған және 2500-ге жуық жұмыс орындары ашылады. Қазіргі таңда, 20 жоба іске қосылып, 1500 жұмыс орны ашылған. Ағымдағы жылдың соңына дейін 10 жоба іске қосылып, 605 жұмыс орны ашылады. Инвестиция көлемі 30 млрд. құрады. Оның ішінде 1 теңге бюджет есебінен тартылса, 43 теңге жеке инвесторлар есебінен тартылған.

Нақтылай кетсек, Қаратау ауданына салыстырмалы түрде 2017 жылы тартылған бюджет көлемі 19,8 млрд.теңге болса, 2018 жылы 32,7 млрд. теңге, 2019 жылы 48,6 млрд.теңге, 2020 жылы 59,4 млрд.теңге, 2021 жылы 72,5 млрд.теңге, 2022 жылы тартылған бюджет көлемі  90,27 млрд.теңгені құрады.

Сондай-ақ, ауданда атаулы 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмекке 6 729 өтініш білдіріп,   6 467 отбасы мұқтаж деп танып, 262 отбасы түрлі себептермен мұқтаж емес деген қорытынды берілсе, ал 403 отбасының құжаттары комиссия қарауына қалдырылған.

Бүгінде аудан аумағындағы басты көшелерде қала көркіне сай келмейтін заңсыз жарнамалармен күрес жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.  Ағымдағы жылы осы кезеңіне дейін, аудан аумағындағы үлкен жол бойында және электр бағаналарындағы 474 заңсыз жарнама анықталып, түсіндіру жұмыстары жүргізу нәтижесінде  366 жарнама иелері тарапынан алынып тасталды. Аудан аумағындағы белгіленбеген орындарда орналасқан дүңгіршектер мен киіз үй иелеріне құзырлы мекемелердің қызметкерлерімен бірлесе түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы заңсыз орналасқан 36 дүңгіршек  иесі өз еріктерімен алып тасталынды.

Сонымен қатар «І-komek 109» ситуациялық орталығына жыл басынан аудан құзырына қарасты 585 өтініш келіп түскен, оның 571-не  жауап берілген Ал 14 өтінішпен жұмыс атқарылуда. Өтініштердің шешімі табуы бойынша тұрғындармен кері байланыс  орнатылып, жұмыстар жүргізілуде.

Back to top button