BasNewsЖаңалықтар

Қаратау ауданы: 2025 жылға дейін табиғи газбен қамту көрсеткішін 100% жеткізу жоспарлануда

Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағы 32 256 гектар, халық саны 266 мыңнан астам. Аудан аумағында 24 елді мекен, жалпы көшелер саны – 1272, демалыс орындарының саны – 7. 2022 жылы аудан аумағына тартылған бюджет көлемі  90,27 млрд.теңгені құрады.

Шымкент қаласы Қаратау ауданында табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны- 18, жартылай қамтылғаны – 3, қамтылмағаны – 3. Өткен жылы Достық ш/а, Асар-2 ш/а, Азат ш/а және Тассай бөлімшесін табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, аталған елді мекендерде абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл 6 елді мекен Қайнарбұлақ т/а мен саяжайы, Асар-2, Тұран ш/а, Нұртас ш/а, Тассай тұрғын алабын табиғи газбен қамту жоспарланған. Қайнарбұлақ т/а мен саяжайын табиғи газбен қамту жұмысы 2023 жылға өтпелі. Ағымдағы жылы жұмыстардың аяқталуына орай, елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткіші- 90% құрайды. 2025 жылға дейін табиғи газбен қамту көрсеткішін 100% жеткізу жоспарлануда.

Жалпы аудан аумағында орталық кәріз жүйесімен қамтылған елді мекендер саны – 5, қамтылмағаны – 19. 2021 жылы Мирас ш/а, Тұран ішкі магистрал жұмыстары басталып, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары аяқталады.Биыл  қосымша 4 елді мекенде Ақжайық ш/а, Асар-2 ш/а, Тассай т/а және Достық шағынауданын кәріз жүйесімен қамту жұмыстары басталды. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, елді мекендерді кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші – 42,7% құрайды. 2025 жылға дейін аталған көрсеткішті 65% жеткізу жоспарланған.

Аудан аумағында жалпы ұзындығы – 1 110 шақырымды құрайтын –   1 272 көше бар. Оның 463,5 шақырым, яғни, 472 көше – асфальт, 540 шақырым, 761 көше – шағал тас, ал 28 топырақ көше, бұл – 21 шақырымды құрайды. 2021 жылы аудан аумағындағы 58,6 шақырымды құрайтын 61 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы 83,6 шақырымды құрайтын 89 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда, 36 нысанда жұмыстар толық аяқталса, 32 нысанда құрылыс жұмыстары атқарылуда. Жалпы 2022-2025 ж.ж. аралығында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Аудан аумағындағы орталық 91 көше жарықтандырылған. Өткен жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында әлеуметтік нысандар орналасқан 31 көше жарықтандырылды. Ал ағымдағы жылы 39 көше жарықтандырылатын болады. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін аудан аумағындағы 150 көшені жарықтандыру жоспарланған.

Back to top button