BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте 331 отбасы «кандас» мәртебесін алды

Шымкент қаласында биылғы маусымдағы жағдай бойынша 450 адам, 331 отбасы «кандас» мәртебесін алды, ал 6 айға кандас мәртебесін ұзартқандар саны 65 отбасынан 75 адамды құрады (барлығы – 525 адам).

Қандас мәртебесін алған 450 адамның ішінде – 224 ер адам және    226 әйел адам, 18 жасқа дейінгі тұлғалар – 106 адам, еңбекке қабілетті жастағы адамдар – 210 адам, зейнеткерлік жастағы адамдар –134 адам, жоғары білімді – 53 адам, орта арнайы білімді – 156 адам, жалпы орта білімді – 178 адам, білімі жоқ – 63 адам.

Қоныс аударған қандастар ТМД және шетелдерден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан келгендердің үлесінде. Өзбекстаннан келген – 432 адам, Ираннан –      2 адам, Ауғаныстаннан – 15 адам, Монголиядан – 1 адам.

Шымкентте 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» (бұдан әрі – Орталық) жұмыс істейді. Орталықтың мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандастар мен олардың отбасыларына 6 ай бойы бейімдеу және кіріктіру бойынша қызметтер көрсету болып табылады.

Бүгінгі таңда бейімдеу қызметін 11 отбасынан 17 адам алуда. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты “Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы” Отанына оралған ағайынға  тұрмыстық, әлеуметтік, психологиялық, құқықтық тұрғыда толықтай көмектер ұсынып, кіші мамандықтарға оқытып, сол бойынша жұмысқа орналастыруда қызметтерін ұсынады. Қазақ, орыс тілінде, ҚР тарихын, ҚР заңдылықтарын оқытып, қиындықсыз қоғамға кірісіп,әлеуметтік ортаға еркін бейімделіп кетуіне барынша қолдау көрсетеді. Орталықта уақытша тұруына 6 ай дейінгі мерзімге орналастырылады. Мекеме ғимараты 170 орындық (койка) 39 бөлмеден құралатын (шектес 1, 2, 3 бөлмелі) және кеңседен  құралған.

Шетел жұмыс күшін тарту бойынша, Шымкент қаласына 2022 жылға жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 408 (1 санат – 11 адам, 2 санат – 44 адам, 3 санат – 331 адам, 4 санат – 22 адам) бірлік квота бөлінді.

Бүгінде бөлінген квота негізінде 21 кәсіпорындар мен ұйымдарда  215 (1 санат – 8 адам, 2 санат – 13 адам, 3 санат – 189 адам,   4 санат – 22 адам) шетел азаматтарының рұқсаты қолданыста,              7902 Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыс жасауда. Қазақстандық қамту пайызы – 97,3 пайыз. Тартылып жатқан шетел жұмыс күшінің білікті мамандарының үлесі – 97,6 пайыз. Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені үшін және ұзартқаны үшін жыл басынан бері 27,5 млн. теңге алым жергілікті бюджетке түсті.

Back to top button