BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте белгіленген тәртіппен сараптамадан өткізбей құрылыс жұмыстары жүргізген нысандарға айыппұл салынды

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының м.у.а. Нұрбол Жүнісбековтің қатысуымен басқарма тарапынан жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша өткен брифингте мәлім болды.

–Бүгінгі таңда ең басты мәселенің бірі – қаладағы Заңсыз және заң талабын бұзып салынған құрылыс нысандары. 2022 жылдың 6 айында тиісті жоспарға сәйкес қаладағы құрылыс нысандарына мониторинг жүргізу нәтижесінде анықталған 300-ден астам нысанға рұқсатын алып, салу дерегі бойынша тексеріліп, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 802 бабына сәйкес айыппұл салынды.

Яғни, олар: орталықтағы ірі көшелер бойында орналасқан заң талаптарын өрескел бұзып, құрылыс нормаларын және заң талаптарын сақтамай салынған, салынып жатқан, «Сәулет жоспарлау тапсырмасы» құжаттамасыз, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткізбей құрылыс жұмыстары жүргізіген нысандар, – деді спикер.

Баспасөз жиынында Нұрбол Әбдірахманұлы жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару мәселесіне де тоқталып өтті.

ҚР Жер кодексінің 84-бабы және ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өндірісінде нысандардың құрылысын жүргізу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы 688 жер учаскесіне, 55 нысан бойынша 10 қаулы қабылданған.

Ағымдағы жылдың 6 айында 118 жер учаскесінің жалпы алаңы 27,6565 га., мемлекет меншігіне мәжбүрлеп иеліктен шығару үшін  1 млрд. 290 млн. тг  қаржы жұмсалды.

2021 жылдың 12 айында толықтай 10 нысанның құрылысы үшін қарастырылған жер телімі мемлекет мұқтажына қайтарылып, 8 млрд. 300 млн. тг. жұмысалған.

Атап айтар болсақ:

Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы:

  • Нұртас шағын ауданы аумағы, ауыз су ғимараты құрылысы.
  • Ақтас т.а. су жинақтағыш.
  • Инженерлік жүйелердің жол құрылысы.
  • Көкбұлақ т.а. «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аумақ құру үшін.

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары басқармасы:

  • «Шымкент-Сайрам-Қарамұрт» автомобиль жолының 0-8 аралығын қайта құру құрылысы.

Шымкент қаласының құрылыс басқармасы :

  • «Қошқар ата» өзені аумағына көп қабатты тұрғын үйге (0,8500 га)

кіріп-шығу жолы.

  • Ақжайық ш/а көп қабатты тұрғын үйлер құрылысы үшін.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары басқармасы:

  • Әл-Фараби көшесінің жалғасы.
  • Қонаев және Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы.
  • Қонаев даңғылы жалғасы I- этап жол құрылысы.

Шымкент қаласының білім басқармасы:

  • Текесу шағын ауданындағы мектеп.
Back to top button