Түркістан облысы

«Түркістан-арена» стадионы – видео

Эпидемиологиялық ахуал мен карантиндік шараларға қарамастан, Түркістан облысы 2020 жылы тұрақты дамып, экономикалық дамуда оң динамиканы көрсеткен еді. 

«Қазақстанның рухани астанасы» туристік және қалалық инфрақұрылымының құрылысы жоғары қарқынмен жүргізілуде. Мәселен, 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Түркістан облысында өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі 1 478 млрд теңгені құрады. Соның ішінде тек құрылыс саласында 124,5 млрд теңге еді. Дәл сол жылы «Түркістан-Арена» стадионы ашылған еді. UEFA-ның халықаралық талаптарына сай сертификациядан өткізді. Әлемдік деңгейдегі талаптарға сай салынған стадионның футбол алаңына канадалық газон төселген.

Арнайы мамандардың қатаң бақылауында. 7 мың орындық стадион қажетті қондырғылармен толық қамтылған. «Самұрық Қазына» ҰӘҚ АҚ Түркістанға тарту еткен стадионның негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады. Акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және йога залдары толық талаптарға сай жасақталған. Бұдан басқа, мәдени-спорттық іс-шаралар, футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, садақ атудан облыс құрамасының оқу-жаттығу жиындары, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өткізілуде. Биылғы жылдың шілде айында «Түркістан Аренада» жүргізілген инспекция қорытындысы бойынша УЕФА стадионға халықаралық II дәреже беру туралы шешімін шығарды.

Түркістан стадионы келесі матчтарды қабылдай алады:

– УЕФА Чемпиондар лигасы, УЕФА Еуропа лигасы және УЕФА Конференция лигасының 1, 2, 3 іріктеу кезеңдерінің ойындары;

– Жастар құрамалары (U-21) арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;

– 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;

– Әйелдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері.

Түркістан Арена — Түркістан қаласындағы спорт аренасы, сыйымдылығы 7000 адам. «Тұран» және «Қыран» клубтары клубы өз алаңындағы ойындарын өткізеді.

Аренадағы алғашқы ойын 2020 жылы 27 қазанда 2007-2008 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында өтті.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Түркістан-арена» орталық стадионы 7000 орынға арналған. Алып кешенде спорттың әр бағыты бойынша жеке-жеке залы бар. «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ АҚ Түркістанға тарту еткен стадионның негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады.

Акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және йога залдары толық талаптарға сай жасақталған.

Түркістан қаласында салынған «Түркістан-арена» стадионында алғашқы ойын өтті, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Футбол бәсекесі Түркістан облысының 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдері арасында өрбіді. Тартысты өткен жолдастық кездесуде жас жеткіншектер бар шеберліктерін ортаға салды.

Ойынның негізгі мақсаты –  алдағы Қазақстан Республикасының чемпионатына құраманы жасақтау. Енді жаңа аренаның шымылдығын ашқан түркістандық аяқ доп шеберлері ел чемпионатында үздіктер қатарынан көрінуді жоспарлап отыр.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Түркістан-арена» орталық стадионы 7000 орынға арналған. Алып кешенде спорттың әр бағыты бойынша жеке-жеке залы бар. «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ АҚ Түркістанға тарту еткен стадионның негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады. Акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және йога залдары толық талаптарға сай жасақталған.

Бұл жерде алда футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының Премьер-Лига, Бірінші және Екінші Лига командаларының ойындары мен басқарманың жылдық күнтізбелік жоспарына сәйкес, спорт түрлерінен (футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, садақ ату) жас ерекшіліктері бойынша облыс құрамасының оқу-жаттығу жиындары және облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар жоспарға сәйкес өткізіліп тұратын болады.

Back to top button