BasNewsЖаңалықтар

17 тамыз күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

Синоптиктер Қазақстан бойынша 17 тамыз күнгі ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде кең ауқымды солтүстік-батыс антициклон жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды, сонымен қатар ауа температурасы біртіндеп төмендейді, деп хабарлайды Basnews.kz

Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің кей жерлерінде жел күшейеді деп болжанды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК

Күндіз Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Маңғыстау, Атырау облыстарының шығысында күн қатты ыстық болады.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында қатты ыстық сақталады.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігі мен шығысында, Атырау, Ақтөбе, Алматы облысының шығысында, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстігі мен батысында, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК

Back to top button