BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: Қазіргі таңда 15 нысанды мемлекет мұқтажына алу жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының м.у.а. Нұрбол Жүнісбеков Ақпараттық-коммуникациялық орталығында басқарма тарапынан 2022 жылдың 1 жарты-жылдығындағы индикаторларының орындалуы және атқарған жұмыстары туралы жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

– Қаланың даму жоспарына сәйкес, шаhарымызда жолдар үлкен ғимараттар салынып жатыр. Қазіргі таңда 15 нысанды мемлекет мұқтажына алу жұмыстары жүргізілуде. Биыл өзім басқарып отырған басқарманың өндірісінде ҚР Жер кодексінің 84-бабы және ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен 688 жер телімі мен 55 нысан мемлекетке қайтарылды. Осы ретте, 10 қаулы қала әкімдігімен қабылданды. Бұл мұқтаждыққа алудың барлығы бектілген бас жоспарға сәйкес қаланың дамуына қажетті инфрақұрылымымен қамтамасыз ету бойынша салынатын нысандарға ғана жүргізіледі, – деді Н.Жүнісбеков.

ҚР Жер кодексінің 84-бабы және ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өндірісінде нысандардың құрылысын жүргізу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы 688 жер учаскесіне, 55 нысан бойынша 10 қаулы қабылданған.

Ағымдағы жылдың 6 айында 118 жер учаскесінің жалпы алаңы 27,6565 га., мемлекет меншігіне мәжбүрлеп иеліктен шығару үшін          1 млрд. 290 млн. тг  қаржы жұмсалды.

2021 жылдың 12 айында толықтай 10 нысанның құрылысы үшін қарастырылған жер телімі мемлекет мұқтажына қайтарылып, 8 млрд. 300 млн. тг. жұмысалған.

Атап айтар болсақ:

Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шарушылық басқармасы: 1)         Нұртас шағын ауданы аумағы, ауыз су ғимараты құрылысы. 2)   Ақтас т.а. су жинақтағыш. 3)   Инженерлік жүйелердің жол құрылысы. 4)       Көкбұлақ т.а. «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аумақ құру үшін.

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы: 1)      «Шымкент-Сайрам-Қарамұрт» автомобиль жолының 0-8 аралығын қайта құру құрылысы.

Шымкент қаласының құрылыс басқармасы : 1) «Қошқар ата» өзені аумағына көп қабатты тұрғын үйге (0,8500 га)  кіріп-шығу жолы. 2)Ақжайық ш/а көп қабатты тұрғын үйлер құрылысы үшін.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы: 1)      Әл-Фараби көшесінің жалғасы. 2)  Қонаев және Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы. 3)  Қонаев даңғылы жалғасы  I- этап жол құрылысы.

Шымкент қаласының білім басқармасы: 4)       Текесу шағын ауданындағы мектеп.

Жалпы қала аумағында 2021-2024 ж.ж. аралығында 4 млн. 800 мыңға жуық ш.м. тұрғын үйлер пайдалануға берілу жоспарлануда. 2021 жылы 1 млн. ш.м. тапсырылған, 2022 жылы 1 млн. 60 мың ш.м., 2023 жылы 1 млн. 230 мың ш.м., ал 2024 жылы 1 млн. 500 мың ш.м., 2025 жылы 1 млн. 800 мың ш.м. қабылдау көзделуде.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button