Шымкент: Биыл 800 қоғамдық қауіпсіздікті және 200 жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералар орнатылатын болады

Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов цифрландыру және цифрлық инфрақұрылымды дамыту саласында атқарылған жұмыстар мен 2022 жылға арналған жоспардың орындалу барысымен бөлісті.
Шымкентте қауіпсіздікті күшейту мақсатында биылғы жылы қосымша 1000 бейнебақылау камералар орнатылатын болады. Оның ішінде 800 қоғамдық қауіпсіздікті және 200 жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, өткен жылы қала аумағында қосымша 3177 бейнебақылау камералары орнатылды. Оның ішінде 877 көше қиылыстарына, 800 желілік учаскелерге және 1500 жалпы бейнебақылау камералар.
Сонымен қатар, бейнебақылау камераларымен қамту көрсеткіші «Цифрландыру, ғылым және инновациялар арқасында технологиялық серпіліс» Ұлттық жоспарға сәйкес 2023 жылы 1500 бейнебақылау камераларын, 2024 жылы 1500 бейнебақылау камераларын, ал
2025 жылы 2500 бейнебақылау камералары қосымша орнатылуы керек.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылдың қорытындысымен 24 779 қала тұрғыны цифрлық сауаттылығын арттырған. Осы жұмыс ағымдағы жылы да жалғасын табатын болады. Яғни, бекітілген көрсеткіштерге сәйкес 2022 жылы 13 000 астам қала тұрғындары оқудан өтетін болады. Бүгінде, 13 000 адамның 5000-ге жуығы оқыту курстарынан сәтті өттті. Оқу курстары қазіргі таңда қалалық қызметтер мен сервистердің орталықтандырылған порталында i-shymkent.kz қол жетімді. Оқу келесі бағыттардан тұрады. 1. «Базалық дағдылар» (Дербес компьютерменғ, ноутбук, мобильді құрылғылар, интернетпен сенімді пайдалану, «MS Office» нұсқаулығы , «Windows 10» – де тапсырмалар тақтасын пайдалану); 2. «Е-коммерция» (Веб-сайт түрлері және олардың артықшылығы, веб-сайтты жылжыту (SEO), Instagram мақсатты баптау негіздері, SMM-жылжыту); 3. «Ашық үкімет» порталы (Ашық бюджеттер, ашық деректер, ашық диалог, ашық НҚА); 4. «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» (Киберқауіпсіздік, алаяқтық схемалардың түрлер, дербес деректерді қорғау); 5. «Электронды үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» вэб-порталдары (Egov.kz, Мобильді азаматтар базасында тіркелу жөніндегі нұсқаулық, Электрондық қызметтерді алу).
Басты мақсаты: тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, цифрлық заманда электрондық қызметтерді үйден шықпай-ақ, өз бетінше алуға дағдылану және аялықтықтан сақ болу. Көрсеткішті орындау үшін тек үгіт насихаттау жұмыстарын жүргізіп, жарнамаларды жиі беру қажет.



