BasNewsЖаңалықтар

Павлодар облысында 25 жастағы жұмысшының үстіне бетон плитасы құлап кетті

Павлодар облысында бетон плитасы құлап кеткен құрылысшы алған жарақаты салдарынан қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«2022 жылдың 7 қыркүйегінде сағат 12.21-де полицияға Ақсу ауданы Қалқаман ауылында болған қайғылы оқиға туралы қоңырау түсті. Белгілі болғандай, Промышленная көшесі, 1 мекен-жайында құрылыс жұмыстарын жүргізген ЖШС-тің 25 жастағы қызметкерінің үстіне үйдің бетон қоршауы құлаған», – деп хабарлады полиция.

Жас жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнында полицейлер тексеріс жүргізіп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button