BasNewsЖаңалықтар

Қырғызстан мен Тәжікстан хаттамаға қол қойды

Қырғызстан және Тәжікстан  Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хаттамаға қол қойды. Бұл туралы Қырғызстан ҰҚМК басшысы Қамшыбек Тамшиев мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Құжаттың басты мақсаты – шекаралас аудандардағы жағдайды тұрақтандыру және реттеу.

«Хаттамаға мен және Тәжікстан ҰҚМК басшысы Саймумин Ятимов қол қойды. Жағдай ақырындап тұрақтануда. Комиссия ертең жұмысын жалғастырады, біз жағдайды реттеуге бірнеше қадам жасадық. Мүмкін, ертең кешке, 20 қыркүйекте тағы бір кездесу болады», – деді Ташиев.

Бұған дейін Тәжікстан мен Қырғызстан шекарадағы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Естеріңізге салсақ, 14 қыркүйек күні таңертең Баткен ауданының Бұлақ-Башы елді мекенінде қарулы жанжал басталды. Қырғызстан мен Тәжікстан шекара өкілдерінің келіссөздерінен кейін атыс тоқтатылды. Бірақ 16 қыркүйекте атыс қайта басталды. Қырғызстан ҰМҚК шекара қызметінің мәліметінше, тәжік тарапы шекараның Баткен ауданындағы шекара және азаматтық нысандарға шабуыл жасаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, бүгінгі күнге дейін 59 қырғызстандық қаза тапқан, 163 адам зардап шеккен. Тәжік билігі 41 адамның қаза тапқанын және 30-ға жуық адам жараланғанын хабарлады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button