Жаңалықтар

Шымкент: Шомылу маусымының қорытындысы туралы

2022 жылы шомылу маусымы еліміздің барлық өңірлерінде ресми түрінде 1 маусымда бастау алып, 1 қыркүйекте ресми түрде жабылды.

Департамент аудан әкімдіктерімен бірлесіп 2022 жылға балаларды, оның ішінде тұрмыстық жағдайы төмен жанұялардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша бассейндердің иелерімен 10 меморандум бекітіп, шомылу маусымында 1776 бала жүзуге үйретілді.

Жазғы шомылу маусымында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау және қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында, қала аумағында орналасқан бассейндер мен аквасаябақтардың басшыларымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында дөңгелек үстел, мектептерде 24 интерактивті сабақ (Өткізілген интерактивті сабаққа 130 мектептің 27584 оқушысы қамтылды) өткізілді.

Шымкент қаласының аумағында суға шомылу кезеңінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша Шымкент қаласының Полиция департаменті, ҚР Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімі, Білім басқармасы, «Жастар рухы» жастар қанаты, «Жастар ресурстық орталығының волонтерларымен бірлескен патрульдеу мен рейдтер күнделікті жүргізілді. Бұл іс-шаралар демалыс және мереке күндері күшейтілген түрде өткізілді.

Полиция департаментімен бірлесіп өткізілген патрульдеудің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364 (жалпы су пайдалану қағидаларын бұзу), 440-баптары (спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу) бойынша 47 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 597 мың 285 теңге айыппұл салынды.

Ағымдағы жылы өткізілген профилактикалық іс-шараларға қарамастан, Шымкент қаласының су айдындарында 3 жазатайым оқиғасының (оның ішінде 2-уі бала) екеуі шомылуға тыйым салынған орындарда тіркелген, 1 жағдай рұқсат етілген «Рахат-Бадам» демалыс аймағында орын алды.

15.07.2022 жылы. Еңбекші ауданы, Маятас е/м, Рахат-Бадам су қоймасында 1978 жылғы ер азаматтың қайтыс болуына байланысты, «Рахат-Бадам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы»ҚР ІІМ 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығына сәйкес жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, 5 АЕК 15 315 теңге айыппұл салынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button