BasNewsЖаңалықтар

Шымкенттегі жатақханада 1-курс студенті қайтыс болды

Шымкент қаласының полиция департаменті 1 курс студентінің қайтыс болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 22 қыркүйекке қараған түні болды. Жедел жәрдем қызметкерлері мәйіттің жатақханада табылғаны туралы полицияға хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, 1-курс студенті екі студентпен ерегесіп қалған. Олардың бірі кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрғаны белгілі болды. Осыдан кейін жағдайы күрт нашарлаған. Жігіт жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.

Әл-Фараби АІІБ қызметкерлері ҚР ҚК 106-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Back to top button