BasNewsЖаңалықтар

ҰҚШҰ Алматы мен Жамбыл облыстарында оқу-жаттығу өткізеді

26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл, Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығуы өтеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Осыған байланысты 22-30 қыркүйек аралығында елімізге ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді», – деп мәлім етті Қорғаныс министрлігі.

Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады.

Әскери контингенттер қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және оларды жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталады.

Back to top button