BasNewsЖаңалықтар

«Бурабай» ұлттық табиғи саябағында өрт шықты

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қыркүйекте таңертең жедел кезекші пультіне «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Көкшетау тауында қою түтін көрінгені туралы ақпарат түскен, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Таудың 800 метр биігінде өсімдіктер өртенген. Қазір өрттің себептері және ауданы анықталып жатыр. Тілсіз жаумен күресуге облыстық ТЖД және «Бурабай» МҰТП жеке құрамының 70-тей адамы жұмылдырылды. Олар жаяу барып, өртті сөндіруге кірісіп кетті», — делінеді министрлік хабарламасында.

Кейін белгілі болғандай, Көкшетау биігінде тұтанған өрт ауыздықталды.

«Сағат 11:13-те өрт ауыздықталды. Ауданы белгіленіп жатыр. Арнайы құрылғысы бар «Қазавиақұтқару» тікұшағынан 4 рет су ағызылды. Әрбіреуінде шамамен 3 тонна су құйылды», – делінген ведомство ақпаратында.

Back to top button