Шымкенттің 34 мың тұрғыны газбен қамтылады

Қаратау ауданына қарасты Азат шағын ауданы тұрғындарының газ мәселесі шешімін тапты.
Мұнда 8,9 шақырым газ құбыры тартылып, жұмыс толық аяқталды. Нәтижесінде 519 абонент көгілдір отынмен қамтылмақ. Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент филиалы тарапынан абоненттеу жұмысы жүргізілуде.
Биыл қала бойынша 15 нысанда газбен қамту құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Тұран 2 кезек, Сәуле елдімекендері және Ақтас магистралды жүйелердің құрылысы аяқталады. Нәтижесінде 34 мыңнан астам адам табиғи газ жүйелеріне қосылмақ.
Абай ауданына қарасты Солтүстік саяжай елдімекенін сапалы электр қуатымен қамту толығымен аяқталып, тұрғын үйлерді қосу үшін абоненттеу жұмысы басталды.
Бұған дейін Солтүстік саяжай елдімекені тұрғындары жекеменшік желіден сапасыз электр қуатын тұтынып келген. Ең бастысы, осыған дейін тұрғындарымыз 1кВ электр қуаты үшін 30-35 теңге төлеп келген болса 17,96 теңгеге түсті.
Енді тұрғындар қажетті құжаттарды «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС мекемесіне өткізу арқылы мемлекеттік желіден электр тұтына алады.
Солтүстік саяжайдағы 5 784 абонент сапалы электр қуатымен қамтылмақ.
Қаратау ауданының аумағы 32 256 гектар, халық саны 266 мыңнан астам. Аудан аумағында 24 елді мекен, жалпы көшелер саны – 1272, демалыс орындарының саны – 7. Шымкент қаласы Қаратау ауданына салыстырмалы түрде 2017 жылы тартылған бюджет көлемі 19,8 млрд.теңге болса, 2018 жылы 32,7 млрд. теңге, 2019 жылы 48,6 млрд.теңге, 2020 жылы 59,4 млрд.теңге, 2021 жылы 72,5 млрд.теңге, 2022 жылы тартылған бюджет көлемі 90,27 млрд.теңгені құрады.
Табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны- 18, жартылай қамтылғаны – 3, қамтылмағаны – 3. 2021 жылы Достық ш/а, Асар-2 ш/а, Азат ш/а және Тассай бөлімшесін табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, аталған елді мекендерде абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы 6 елді мекен Қайнарбұлақ т/а мен саяжайы, Асар-2 (2-кезек), Тұран ш/а, Нұртас ш/а, Тассай тұрғын алабын табиғи газбен қамту жоспарланған. Қайнарбұлақ т/а мен саяжайын табиғи газбен қамту жұмысы 2023 жылға өтпелі. Ағымдағы жылы жұмыстардың аяқталуына орай, елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткіші- 90% құрайды. 2025 жылға дейін табиғи газбен қамту көрсеткішін 100% жеткізу жоспарлануда.



