Жаңалықтар

Шымкент: Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіру және насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өтті

Бүгін Шымкент қаласында Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру және насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері, салалық кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ активі, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Басқосуда Жолдауда айтылған міндет-ұсыныстарды іске асыру басымдықтарын талқыланды. Жолдауда көтерген маңызды бағдарлар еліміздегі әлеуметтік саясатты жетілдіріп, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуді көздейді. Шарада модератор болған Бауыржан Ілішеұлы маңызды құжаттың әр бөлігіндегі ел дамуына оң серпін беретін бастамаларға тоқталды. Төрағаның пайымдауынша, «Президентіміз ел дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқан шағында халыққа өз Жолдауын жасады. Аталған Жолдауда елімізің әрі қарай дамуы үшін бірқатар маңызды бағыттар айқындалып, нақты тапсырмалар берілді. Халық үніне құлақ асатын мемлекет екендігін тағы да дәлелдеп, тұрғындар көтерген әлеуметтік-маңызды салаларға да тың серпін беретін жобаларды ұсынды. Бес бағдардан тұратын стратегиялық құжат еліміздің аймақтарында қордаланған көкейкесті мәселелерді таяу уақытта шешіп, республика жұртшылығына қолайлы жағдай жасауды мақсат етіп отыр. Еліміздегі салық жүйесін жетілдірумен қатар Ұлттық қордың игілігін көру, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіп, адами капиталдың дамуына, заң үстемдігін орнатудың маңызына назар аударып отыр» деді Бауыржан Ілімшеұлы.

Жиында сөз алған кәсіподақтар қозғалысының ардагері Досыбай Шерімқұлов та Жолдауға қатысты өз ойын ортаға салып, әлеуметтік мәселелерді тарқата келіп, болашаққа арналған маңызды құжатта шағын және орта кәсіпкерлікті, халыққа қызмет көрсету жүйесіне қатысты айтылған мәселелерге орай ой-пікірлерімен бөлісті. Бұдан бөлек қатысушылар да Қазақстанды одан әрі дамытуға, оның ішінде әлеуметтік экономикалық салаларды нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және саяси трансформацияны іске асыруға бағытталған Президентіміздің бастамаларын қолдайтынын және Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосатындықтарын жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button