Жаңалықтар

Шымкентте үйлестіру кеңесі өтті

Бүгін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Жиынға салалық кәсіподақтар филиалдарының төрағалары, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қатысты. Кеңестің күн тәртібінде келесідей өзекті мәселелер қаралды.

  1. 10 қазан – ҚР «Кәсіподақтар күніне» орай мараппаттаулар туралы;
  2. «Кәсіподақтар күніне» орай, ҚР Кәсіподақтар федерациясының қатысуымен 2022 жылдың 24-ші қыркүйек күні өтетін Республикалық форум жайлы және Шымкент қаласында өтетін футбол турнирі туралы;
  3. «QAZAQSTAN KÁSIPODAǴY» газетіне 2023 жылғы жазылу науқаны туралы;
  4. Бекітілген кестеге сәйкес бастауыш кәсіподақ ұйымдарын аралап, еңбек адамының жұмыс жағдайымен танысу;
  5. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының хаттамалық тапсырмалары аясында жұмыс жүргізу жайы.

Кеңесте сөз алған «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев қазіргі таңда жұмысшылардың мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлі жайлы және кәсіподақ еңбек адамының тірегі екенін айтты. Еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, кәсіподақ мүшелерінен жалақы мөлшері, еңбек жағдайлары туралы сұрады және білім саласы қызметкерлерін толғандырған сұрақтарына жауап берді. Қызметкерлердің денсаулығын жақсарту, әлеуметтік кепілдіктер және жалақыға қатысты болды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша  алған Бауыржан Ілімшеұлы, алдағы келе жатқан «Кәсіподақтар күніне» орай өтетін іс-шаралар тізімін айқындап, салалық кәсіподақтар филиалдарының төрағаларына тиісті тапсырмалар берді. Сондай-ақ, кеңес қатысушылары алда келе жатқан «Кәсіподақтар күніне» орай марапаттауға ұсынылатын қызметкерлерге дауыс беріп, шешім қабылдап, бірауыздан қолдады. Одан бөлек, күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша салалық кәсіподақ филиалдары басшыларының «QAZAQSTAN KÁSIPODAǴY» газетіне жазылу туралы мәліметтері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді.

Жиын соңында Бауыржан Ілімшеұлы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының хаттамалық тапсырмалары аясында жұмыс жүргізу жайы талқыланып, атқарылар тірлікте – бірлік болса, жұмыстың жандана түсетінін алға тартты.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button