Құқық бұзуға бейім балалар арасындағы қылмыстың алдын алу ісі жақсарып келеді

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау, оның алдын алу шараларын жүргізу, олардың құқықтық білімін арттыру – жергілікті мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының негізгі міндеті десек, бүгінгі күні қаладағы білім беру саласы жұмысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу – өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Мектеп оқушыларын дұрыс жолға салатын, болашақта тәртіпті азамат болуына өз септігін тигізетін жандар – ол ата-ана, мұғалім және ювеналды полиция инспекторлары. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың және құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау аса жауапты мәселе болғандықтан, Шымкент ҚПД Қаратау ауданы Полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері үнемі кең ауқымды профилактикалық іс-шаралар мен кездесулер өткізуде.
Кезекті іс-шара барысында полиция қызметкерлері заңнамаға сәйкес жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынғанын атап кетті. Мектеп инспекторы оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікті ұстануға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды.
Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық, әкімшілік жауапкершілігі туралы хабардар етілді. ол жүру ережесі түсіндіріліп, оқушылар арасында құқықтық мінез қалыптастыру жайы сөз болды.
Қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі – жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек. Құқықтық тәрбие дегеніміз не? Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл Құқықтық білім беру – нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т. б. Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға- құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады деп сенеміз.



