BasNewsЖаңалықтар

Жетісу облысында есек жол апатына себеп болды

Жетісу облысында есек жолға шығып кетіп, жол апатына себеп болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтемежасап.

Жол-көлік оқиғасы 6 қазанда кешке «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тасжолының 275-шақырымында болған. Audi A-4 көлігі есекті қағып кеткен.

«Көлік жолға шығып кеткен есекке соқтығысқан. 21 жастағы жүргізуші оқиға орнында қаза болды. Сондай-ақ, екі адам ауруханаға жеткізілді. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Жануардың иесі әлі анықталған жоқ», – деді ЖПҚБ ППБ қызметінің инспекторы Бауыржан Бейсебаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button