Шымкентте педагог қызметкерлердің сапалық құрамын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Жанат Тажиеваның қатысуымен «Ұстаздаркүні» мерекесіне орай өткізілетін іс-шарлар мен білім саласындағы жаңашылдықтар бойынша өткен брифингте мәлім болды.
Баспасөз мәжілісінде, Жанат Арысбекқызы білім саласындағы мәселелерге де тоқталып өтті. 2022 жылдан бастап мектепке алғаш мұғалім болып кіру үшін біліктілік тестін тапсыру міндеттелді. Бұл да болса сапалы педагогтерді іріктеуде өз нәтижесін беретін болады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 116 білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланып, жаңа оқу жылында жұмыстарын бастағанын айтып өтті.
Кадрлық әлеуетті дамыту бойынша педагогтар еңбекақысын кезең-кезеңімен жоғарылауы, өзіне тән емес функциялар мен тексерулерден босату бойынша шаралар қабылданды, материалдық ынталандырулар ескерілуде. Сонымен қатар біліктілікті арттыру курстарынан өткізу, шеберлік деңгейі бар педагогтар үлесін арттырылуда.
Қазіргі таңда, қаладағы мектептердегі педагогтардың ішінде, жалпы орта білім беру ұйымдарында біліктілік санаты бар педагогтар саны – 12 988 педагог (65,9%).
2022 жылға біліктілік санаты бар педагогтар санын белгіленген көрсеткішке (68%-ға) қол жеткізу үшін Ұлттық біліктілік тестілеуден 4 080 педагогты өткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 2 657 педагог ҰБТ тапсырған. ҰБТ тапсыру қараша айына дейін жалғасатын болады.
Педагог қызметкерлердің сапалық құрамын арттыру бойынша жыл сайын «Өрлеу» БАҰО Шымкент қаласы филиалында, Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылуда.
2025 жылы 85%-ға жетеді деп күтілуде және педагогтар еңбекақысы 2 есеге ұлғайып, орташа еңбекақы 300 мың теңгені құрайды деп жоспалануда.
Айта кетейік, Шымкент қаласындағы 871 білім беру ұйымы 440 мыңға жуық тәрбиеленіші, оқушы мен студенттерді қамтиды (577 мектепке дейінгі білім беруде 77,7 мың тәрбиеленуші, 223 мектепте 245,3 мың оқушы, 38 колледж бен 9 университетте 107,9 мың студент). Шымкент қаласында әрбір үшінші адамның білім жүйесіне қатысы бар.Қалада 2022-2023 оқу жылында 1 ауысымда 45 мектепте 13 963 оқушы, 2 ауысымда 173 мектепте 213 762 оқушы, 3 ауысымда 5 мектепте 14 800 оқушы білім алуда.



