BasNewsЖаңалықтар

Маңғыстау облысында жұмысшыны бетон тіреуіш басып қалды

Маңғыстау облысында теміржол өткелінде жұмысшыны бетон тіреуіш басып қалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Көліктегі полиция қызметінің хабарлауынша, 14 қазанда Маңғыстау облысындағы «РЗД-14-РЗД-15» теміржол өткелінде сым тарту жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшы көз жұмған.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы бойынша (Еңбекті қорғау ережесін бұзу) тергеу жүріп жатыр.

Өзге ақпараттар Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиясына байланысты жарияланбайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button