BasNewsЖаңалықтар

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет 18-20 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Синоптиктер кей өңірлерде ауа температурасының жоғарылайтынын хабарлады.

“Атлантикалық циклон жырасының ықпалымен және атмосфералық фронттардың өтуімен алдағы күндері республиканың басым бөлігінде, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр жауады, түнгі уақытта Қазақстанның солтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжануда, батыста, шығыста, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда – тұман күтіледі”, – делінген ауа райы болжамында.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы:

Батыста, солтүстік-батыста түнде 3-8-ге дейін, күндіз 10-20-ға дейін;

Солтүстікте түнде 2-7-ге дейін, күндіз 7-12-ге дейін;

Елдің орталығында 3-8 жылыға дейін, күндіз 5-19 жылыға дейін жоғарылауы болжанады;

Шығыста түнде 5 градус аяз – 5 градус жылыдан 0-8 градус аязға дейін жоғарылауы болжанады, күндіз негізгі фон 5-13 градус жылы;

Оңтүстікте түнде 2-7-ге дейін, күндіз 10-20-ға дейін;

Оңтүстік-шығыста түнде 5 градус аяз – 5 градус жылы, күндіз 5-15 градус жылыға дейін төмендейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button