BasNewsЖаңалықтар
Кейінгі тәулікте 18 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды
Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар туралы мәліметті жариялады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Оған сәйкес, өткен тәулікте 18 адам коронавирус жұқтырған.
Қазір 949 адам коронавирус инфекциясынан (–818+ және 131 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 109 пациент стационарда, 840 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
– 4 адамның жағдайы ауыр
– 2 пациенттің жағдайы өте ауыр
– бір науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.



