Жаңалықтар

Әл-Фараби ауданында жалпы сенбілікке 5000 адам қатысты

 «Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day 2022)» экологиялық акциясы аясында Әл-Фараби ауданында жаппай сенбілік жұмыстары өткізілді.

Тазалық акциясына барлық мекемелер (әлеуметтік нысандар, коммерциялық нысандар мен мемлекеттік мекемелер, ЖОО) атсалысты.

Сенбілікте аудан аумағындағы саябақтар мен гүлзарлар, аула және көшелер, ирригациялық арықтар, қоқыс алаңшалары қоқыстан тазартылды. Аулалардың шөбі орылып, қураған ағаш бұталары кесілді.

Әл-Фараби ауданында өткен жалпылама сенбілікке 5000-ға жуық адам, 1 мыңнан астам жастар, 250 коммуналдық жұмысшы және 80 арнайы техника жұмылдырылды. Әр мекеме өзіне жүктелген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауданда жалпы 485 м3 қоқыс қала сыртына шығарылуда.

Жалпы әр апта сайын өткізіліп келе жатқан тазалық шарасының нәтижесі көңілге қонымды. Бұрынғы жағдаймен салыстырғанда аудан орталығындағы көрініс бірте-бірте реттеліп келе жатқаны көзге көрініп тұр. Дегенмен, тазалық мәселесіне немқұрайлық танытып, әдетіне басқан тұрғындардың қоқыстарын тазартылған аумақтарға тастап кеткен жағдайлары көңіл құлазытты. Сол тазартылған аумақтарды әрмен қарай ұқыппен қарап, бүлдірмей ұстап отырудың орнына қаланың сыртқы аумақтарына қоқыстарын тастаумен әлек,-деді қала тұрғыны.

Қала тазалығы баршаға ортақ. Әйтсе де, жерлестеріміздің тазалық жөніндегі мәдениетін, түсінігін әлі де көтеру қажет. Тазалық – отбасында қалыптасатын дүние. Шыны керек, кейбір ата-аналар үйде отырып алып балаларын қоқыс төгуге жұмсайтыны жасырын емес. Мұндай жағдайлар рейдтік шаралар барысында көптен кездесуде. Ал, сол бала шынында қоқысты арнайы темір жәшікке апарды ма, жоқ па, әлде аулаға, көше бойына лақтырып кетті ме, қадағалап жатқан жан жоқ. Тазалықты сақтау да – тәрбие. Сондықтан бұл мәселемен күреске тек көше тазалаушылар ғана емес, қоғам атсалысуы керек. Қоршаған орта тазалығы тек өзімізге байланысты екенін естен шығармайық, ағайын!

Басқа жаңалықтар

Back to top button