BasNewsЖаңалықтар

Саудада доллар бағамы сәл көтерілді

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 459,04 теңге (+0,42) болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,29 теңге (-0,14) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 475,67 теңге деп белгіледі.

Сондай-ақ рубльмен сауда болған жоқ. Кешегі саудада Ресей рублінің орташа бағамы 7,58 теңге болды. Ұлттық банктің бағамы – 7,61 теңге.

Ақша айырбастау орындарында доллар 462-466 ​​теңге, еуро 472-477 теңге, ресей рублі 7,27-7,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.

18 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Мысалы, Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,7%-ға өсіп, барреліне 90,42 доллар болды.

АҚШ-тың West Texas Intermediate (WTI) мұнайының фьючерстері 0,9%-ға өсіп, 82,39 доллар болды.

Back to top button