BasNewsЖаңалықтар
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 112-ге жетті

Жамбыл облысында тағы бір адам вирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды BasNews.kz.
26 наурыз 22:20 сағаттағы жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Жамбыл облысында тiркелді. Осылайша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында – 4, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында -2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам жалпы 112 науқас тіркелді, делінген Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.



