Түркістан облысы

Сайлау демократиялық принциптерге сай өтті

Сайлау әділ өтті. Өз таңдауымызды жасап, дауыс бердік. Елдің науқанға қатысу белсенділігі жоғары.

Сайлауда жеңген Президентіміз Әділетті Қазақстанды құрады деп сенеміз. Өйткені, елдің 80 пайыздан астам дауысын жинау – сенімнің белгісі. Енді сенімді ақтау – Президенттің борышы.

Жаңа әрі Әділетті Қазақстан деген ұғымды біз халық, ел болып қалыптастырамыз. “Бір басшыға мың қосшы” дегендей көшімізді бастаған көшбасшымызды жұрт болып қолдап, атсалысуымыз қажет.

Орынкүл ТЫНЫМОВА,
Жібек жолы ауыл округінің тұрғыны

Back to top button