BasNewsЖаңалықтар
Елімізде 14 адам коронавирустан жазылып шықты

Елордада тағы бір адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды BasNews.kz Жедел штабтың Телеграмм парақшасына сілтеме жасап.
«Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан жазылып шықты. Нәтижесінде 14 адам: Нұр-Сұлтан қаласында 12, Алматы қаласында 2 адам», -делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін коронавирусқа шалдыққан 13 адам жазылып шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.



