BasNewsЖаңалықтар
Мұнай компаниясының екі қызметкері түсініксіз жағдайда қайтыс болды
Қызылорда облысында мұнай компаниясының екі жүргізушісі жұмбақ жағдайда қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 3 ақпанда «Арысқұм» кен орнында болған. Қайтыс болған екі адам да қосалқы мердігер жүргізуші болып жұмыс істеген.
«3 ақпанда сағат 11:38 шамасында «Саутс Ойл» ЖШС қызметкерлері қайтыс болды», – делінген ведомство хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, біреуі демалыс бөлмесінде, екіншісі көлікте өлі табылған.