Түркістан облысы

ОСК-ға 5 заңды тұлғадан сауалнама жүргізу туралы хабарлама түскен

Орталық сайлау комиссиясына 5 заңды тұлғадан қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу туралы хабарлама түскен. Бұл туралы ОСК сайты хабарлады.
Орталық сайлау комиссиясына 5 заңды тұлғадан тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті:
1. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты) – «face to face» сұхбат сауалнамасы әдісі, телефон сауалнамасы (CATI);
2. «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» – «face to face» сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);
3. «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» – дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);
4. «Еуразиялық интеграция институты» – «face to face» сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);
5. «Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы» – «face to face» сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll).

Back to top button