BasNewsЖаңалықтар

182 сағат өткеннен кейін үйінді астынан тағы бір бала құтқарылды

Түркияның Хатай провинциясында зілзаладан 182 сағат өткеннен кейін 12 жастағы ұл бала құтқарылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

12 жастағы Каан Антакья қаласының Джебраиль ауданындағы құлаған ғимараттардың бірінен шығарылды.

Іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. Соңғы деректерге Түркияда қарағанда  жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 31600 адамнан асты.

Back to top button