Түркістан облысы

Түркістан: Сайлау кезінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалады

Бүгінде Түркістан облысы бойынша барлық сайлау учаскелерінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған арнайы бұрыштар жарақтандырылған, кабиналар орнатылып, жолақтар төселген. Сондай-ақ, барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдардың кіріп-шығуына бейімделген.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмірдин Әлішевтің айтуынша, өңірде сайлау күні 36 инватакси және 42 әлеуметтік қызметтік көлік ұйымдастыру жоспарлануда. Қажеттілік туындаған жағдайда демеушілер есебінен қосымша көліктер ұйымдастырылмақ.
Облыста барлығы 97101 мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде 60329-ы белсенді сайлау құқығына ие азаматтар. Осы азаматтардың ішіндегі 49734 адамға қолжетімділік жағдайларды жасау талап етілмейді. Ал 10595 мүгедек адамдар үшін барлық сайлау учаскелерінде дауыс беруге қолжетімді жағдайлар жасалған.
Айта кетсек, сайлау бойынша inva.gov.kz сайтындағы интерактивтік қолжетімділік картасынан тиісті мәліметтермен толығырақ таныса аласыздар.

Back to top button