ТҰРҒЫНДАРҒА ҮНПАРАҚТАР ТАРАТЫЛДЫ

«AMANAT» партиясының белсенділері бүгін қала тұрғындарымен кездесуді жалғастырды. Партия филиалының Атқарушы хатшысы, қалалық мәслихаттың депутаттығынан үміткер Жанар Бектаева, Дария Қожамжарова, Жанар Тойлыбаева, Ердаулет Жүнісбек, атқарушы хатшысы Есмұхан Бертаев, Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бауыржан Альтеев «Баян сұлу» сауда үйінде болды. Көпшілік орынға келушілермен тілдесіп, оларға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
– Адам жиі жүретін осындай көпшілік орындар – халықтың талап-тілегін, ұсыныстарын білуге таптырмас орын. Қалалықтар өздерін толғандырған жайттарды айтты, оларды қымбатшылық, жалақы және зейнетақы мөлшері секілді әлеуметтік мәселелер мазалайды. Осыған байланысты ұсыныстары мен тілектерін жазып алдық. Алдағы уақытта шешімін табу бойынша жұмыстар атқарылады, – деді Шымкент қалалық филиалдың Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева.

Айта кетейік, 19 наурыз күні елімізде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.
Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT»
партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді



