BasNewsЖаңалықтар

Сәуірдің 1-нен бастап Нұр-Сұлтанда барлық әуе рейстері тоқтатылады

1 сәуірден бастап елорда әуежайына жолаушыларды тасымалдайтын барлық ұшақтың қонуына рұқсат берілмейді, деп хабарлайды Basnews.kz ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтемемен.

«1 сәуір күнгі сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан әуежайы барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар ұшағын қабылдауды тоқтатады» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство мәліметіне сай, Алматыда да 1 сәуірден бастап рейстерді қабылдау тоқтатылады. Ал халықаралық жолаушылар әуе рейстері Қазақстанның басқа әуежайларына қарай бағытталатын болады.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button