BasNewsЖаңалықтар

Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды

Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды. Үкімді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты шығарды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Baigenews.kz басылымының жазуынша, қорғаныс ведомствосының бұрынғы басшысы 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Сот іс «құпия» белгісімен қаралғанына сілтеме жасап, толық мәлімет бермеді.

Бектановқа қатысты тергеу оның қаңтар оқиғасы кезінде қызметте әрекетсіздігіне байланысты 2022 жылғы 19 ақпанда басталды.

Back to top button